Екібастұз әкімі орынбасары парамен ұсталған соң отставкаға кетті

220

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қол астындағы қызметкердің жемқорлыққа қатысты қылмысы үшін Екібастұз әкімі "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға сәйкес отставкаға кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: Егов.кз

Ардақ Қаңтарбаев қала әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметовке қатысты сот үкімі күшіне енген соң отставкаға кету туралы арыз жазған. 


Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақов отставканы 2022 жылдың 8 тамызында қабылдап, Екібастұз әкімі Ардақ Қаңтарбаевты қызметінен босатты. 

Қаңтарбаев Екібастұз әкімі лауазымына 2020 жылдың қыркүйегінде тағайындалған. 

Қала басшысының орынбасары Бауыржан Ахметов, Тұрғын үй шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары А.Садықов пен бас маман К.Түсіпбеков кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып отырды деп айыпталған. 

Бауыржан Ахметов 8 жылға бас бостандығынан айрылса, Түсіпбеков пен Садықов 7 және 9 жылға бас бостандықтарынан айырылды. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.