Нұр-сұлтан қаласында жерге түкірген тұрғындарды камералар анықтайтын болады

239

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Елордамыздың мәслихат депутаттары жерге түкіргені үшін жазаны қатаңдатуды ұсынды деп хабарлады Opennews.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.


Осы мақсатта бейнебақылау камераларын пайдалану арқылы жазалау жұмысы қолға алынбақ. Тәртіп бұзушылар көлік нөмірі бойынша анықталады.
Көшеде, қоғамдық орындарда түкіруге және қоқыс тастауға тыйым салынады. Тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылады, яғни әкімшілік айыппұл салынады. Көшеде және қоғамдық орындарда түкіру ерсі көрініп қана қоймай, түрлі бактериялардың таралуына әкелуі мүмкін.

Осындай жағдайға куә болған тұрғындар құқық қорғау органдарына жүгіне алады, сөзін растау үшін фото немесе видеоны қоса беру қажет.
Еске салсақ, бұған дейін журналистер Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа көшеде түкіруге тыйым салу туралы ұсыныс айтқан еді. Министр ұсынысты қолдайтынын айтты. Бірақ алдымен ол қоғам талқысынан өту керек екенін жеткізді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.