Әйелдердің зейнет жасын төмендету: Еңбек министрі белсенділермен кездесті

292

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 9 қыркүйекте "Әйелдердің зейнеткерлік жасын 58 жасқа дейін төмендету үшін Қазақстан әйелдері қозғалысының" белсенділерімен кездесті, деп хабарлайы Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 


Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Кездесу барысында қатысушыларға зейнетақы аннуитетінің құнын айқындау кезінде пайдаланылатын параметрлерді қайта қарау бойынша Ұлттық банкпен бірлескен жұмыс басталғаны туралы хабардар етілді. 


Министрлік мәліметінше, аннуитет қазақстандықтар үшін әлдеқайда қолжетімді бола түспек. 



Сондай-ақ кездесуде Тамара Дүйсенова жоспарланған әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жас деңгейінде ұзарту туралы шешімді 2028 жылға дейін тоқтата тұру және кейінгі 3 жыл ішінде жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27% - ға арттыру мәселесі туралы айтты. 


Бұл өсім 2 млн. астам зейнеткерді, сондай-ақ 1998 жылға дейін еңбек өтілі бар болашақ зейнеткерлерді қамтитын болады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.