Нұр-Сұлтан жолдарында жасыл түсті жолақтар пайда болады

397

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comЕлорданың полиция департаменті қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жүргізушілердің назарын дер кезінде аудару үшін автобус қозғалысына бөлінген жолақтарды жасыл түске бояу туралы шешім қабылдаған. 

"Қазіргі уақытта жол қозғалысын ұйымдастырудың аталған сызбасын пайдалануға болатын көшелер анықталып жатыр", - деді департаменттен. 

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтанда тағы бір 6 жолақты көше пайда болатынын жазған едік. Бұл туралы қалада жүргізіліп жатқан абаттандыру, жол жөндеу жұмыстарының барысы жайлы айтып берген Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өз Instagram парақшасында жазған. 

Одан бөлек, Нұр-Сұлтанда жағалау маңында жаңа демалыс орны пайда болатынын жазған болатынбыз. Нақтырақ айтсақ, тағы бір көпір асты алаңы абаттандырылатын болады. Қабанбай батыр даңғылында Есіл өзенінің жағалауындағы көпірдің астында көлеңкелі қалқалар, балалар алаңы, демалуға арналған аймақ, қойылымдар/концерттер мен шығармашылық эксперименттерге арналған импровизацияланған сахна, тамақтану орындары және т.б. ашу жоспарланып отыр. 

Жаңа қоғамдық кеңістікті ашудың негізгі идеясы — спортпен айналысу үшін қолайлы атмосфера құру. Басымдық — бұқаралық спортты дамыту. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.