Қоғамдық көлік кішкентай қызды қағып, мыжып кетті
289
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Оқиға 25 қыркүйекте “Ойқарағай” шатқалындағы “Лесная сказка” демалыс орнында болған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.Қоғамдық көлік кішкентай қызды қағып, мыжып кеткені Telegram-дағы арналардың бірінде жарияланды. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеодан қызыл киінген қыз автобустың астында қалғанын көруге болады.
Алған соққыдан бүлдіршіннің бірнеше жері сынған. Періштесі қаққан қыздың денсаулығына қатысты өзге ақпарат жоқ.
Әзірге автобус жүргізушісінің қандай жауапқа тартылғаны белгісіз.
Қаз
Рус






