Қоғамдық көлік кішкентай қызды қағып, мыжып кетті

289
Оқиға 25 қыркүйекте “Ойқарағай” шатқалындағы “Лесная сказка” демалыс орнында болған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қоғамдық көлік кішкентай қызды қағып, мыжып кеткені Telegram-дағы арналардың бірінде жарияланды. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеодан қызыл киінген қыз автобустың астында қалғанын көруге болады. 

Алған соққыдан бүлдіршіннің бірнеше жері сынған. Періштесі қаққан қыздың денсаулығына қатысты өзге ақпарат жоқ.

Әзірге автобус жүргізушісінің қандай жауапқа тартылғаны белгісіз.
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.