Қызылордадағы оқушы өлімі: Қылмыстық іс әлі сотқа жетпеген

1 692

Фото: видеодан скриншотҚызылорда облысында үлкен сынып оқушыларының өзінен кішілерге әлімжеттік көрсетуінің салдарынан 9-сынып оқушысы көз жұмды. Марқұм Ерасыл Төребайдың анасының айтуынша, полиция қызметкерлері мен тергеушілер іске кірісіп, кінәлілерді жазалауға асығар емес, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.


Сәуле Жақсылықова үш ай бұрын басталған қылмыстық іс әлі созбақталып келе жатқанын айтады. Қылмыстық іспен жұмыс істп жатқан тергеушілердің ісі өнбеді дейді марқұмның анасы. 


“Ұлымның өліміне бірнеше оқушының қатысы болса да тек екі жеткіншек қамауға алынды. Арманы көп тұғын. Мама, милиция болғым келеді деп айтатын. Мамыр айында жоғары сыныпта оқитын жеті оқушы жасы кіші балаларды ауылдың сыртына жинап, әбден тепкінің астына алған. Зәбір көргендердің арасында ұлым Ерасыл Төребай да болған. Қатты соққа салдарынан балам көз жұмды. Ал бұған байланысты "абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс әлі күнге сотқа жеткен жоқ”, – дейді Ерасылдың анасы. 


Жәбірленуші тарап тергеудің әділ өтіп жатқанына күмәнмен қарайды. Айтуынша, айыпталушылардың неше жылға сотталатыны сот шешімінен кейін белгілі болады. Алайда ол ұлына жәбір көрсеткендердің үшін 12 жыл аз деп санайды.


Полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық іс егжей-тегжейлі тергеліп жатқандықтан ұзақ уақыт кетеді. Сондай-ақ аталған дерек Шиелі ауданының полиция бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Полицияның сөзіне сенсек, қылмыстық іс жан-жақты және объективті түрде тергеліп жатыр. Оның нәтижесіне сәйкес заңды түрде процестік шешім қабылданады.