Қыздар мектебінің үстінен іс қозғалу себебі неде?

360

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Атырау қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған сотында «Қазақ ұлттық қыздар мектебі» ЖШС үстінен әкімшілік іс қаралып жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі

Бұдан бұрын Атырау облысы бойынша білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының м.а. Бердібек Таишев ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-тармағы («Тиiстi тiркеусiз кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу») бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырып, сотқа жолдаған.

Мектеп директоры Жұмазия Жолмұханова менің оқу орнын Ұлттық білім беру деректер қорында тіркеп, мектеп жұмысына рұқсат бергенімді айтады. Бірақ мен ешқандай рұқсат берген жоқпын.Кез келген меншік нысанындағы оқу орны Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін лицензия алуға өтініш беруі керек, бірақ бере алмайды. Оны алты айдың ішінде алады. Оқу орны лицензияны алмай тұрып, қызметін бастап кете алмайды. Жарты жыл ішінде лицензия алуға тиісті құжаттары жиналады. Осы уақыт ішінде кез-келген уақытта лицензия алуға өтініш бере алады, - дейді Таишев.

Қазіргі кезде мектеп жұмыс жасап жатыр. Мектеп директоры Жұмазия Жолмұханова лицензия алу үшін талап етілген құжаттарды департаментке тапсырған.

- ҚР «Білім туралы» Заңының 40-бабы 2-1-тармағында, егер оқу орны жұмысын бастаған уақыттан бастап алты ай ішінде лицензия алмаса, онда оның қызметі сот тәртібімен тоқтатылады делінген.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.