Әкесі өз қызын 6 жыл бойы зорлап келген
289
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Павлодар облысында педофил 25 жылға сотталды. Әкесі кішкентай қызын бес жылдан астам уақыт бойы зорлап келген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Қыз 10 жаста болған кезден бастап 6 жыл бойы әкесі оған зорлық-зомбылық жасаған, тіпті оған венерологиялық ауру жұқтырған.Жақында ғана бала жантүршігерлік қылмыс туралы туыстарына барлығын айтып берген.
Белгілі болғандай, айыпталушы 25 жылға бас бостандығынан айырылды, сонымен қатар оны химиялық кастрация күтіп тұр. Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындамады. Қазір павлодарлықты ата-ана құқығынан айыру мәселесі шешіліп жатыр.
Қаз
Рус






