Хоккей: «Барыс» кезекті жеңісіне қол жеткізді

442

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын ресейлік "Нефтехимик"  командасына қарсы өткізіп, 3:1 есебімен басым түсті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Ойынның бірінші бөлігінде қос команда да қарсыластарының қақпаларына шайба соға алған жоқ. Дегенмен, екінші кезеңнің 32-минутында "Нефтехимик" хоккейшісі Аксель Галимов өз командасын алға шығарды. Бұдан кейін таблодағы есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндік болған еді.

Үшінші кезеңнің 41-минутында "Барыс" сапынан Майкл Шапю таразы басын теңестірсе, 53-минутта Джереми Бракко қазақстандық команданы алға шығарды.

Ал Майкл Шапю 59-минутта бос қақпаға жеңіс шайбасын соқты.

Осылайша "Барыс" қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.

"Барыс" ендігі ойынын 21 желтоқсанда елордада Ресейдің "Авангард" командасына қарсы өткізеді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.