Қазақстандық каратэшілер Парижде үш медаль еншіледі

2 606

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ҚР Спорт комитетіКаратэден 26-28 қаңтар аралығында Париж төрінде өткен премьер-лига бәсекесінде жерлестеріміз 3 қола жүлде иеленді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


ҚР Спорт комитетінен мәлім еткендей, 50 келі салмақта Мөлдір Жаңбырбай, 55 келіде Гүлмира Үсенова және +84 келі салмақта Абылай Төлтай каратэден премьер-лига бәсекесінде қола жүлдеге қол жеткізді.


Аталмыш турнирде әлемнің 66 елінен 366 спортшы 10 салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салды. 


Қазақстандық спортшылардың әлемдік рейтингтегі көрсеткіші:

Әйелдер

2-орын. Софья Берульцева (+68 келі) 

3-орын. Мөлдір Жаңбырбай (50 келі) 

3-орын. Әсел Қанай (61 келі)

3-орын. Лаура Әліқұл (68 келі) 

7-орын. Гүлмира Үсенова (55 келі)


Ерлер

2-орын. Дидар Әмірәлі (67 келі) 

3-орын. Қайсар Алпысбай (60 келі) 

6-орын. Нұрқанат Әжіқанов (75 келі) 

7-орын. Абылай Төлтай (+84 келі) 

13-орын. Данияр Юлдашев (84 келі)

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.