Қазақстан футбол федерациясы бұрынғы қызметкеріне 50 миллион теңгеге жуық өтемақы төлейтін болды

2 500

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ҚФФЖурналист Михаил Козочковтың мәліметінше, Қазақстан футбол федерациясы бұрынғы бас аудиторы Қамбар Омаровқа 50 миллион теңгеге жуық өтемақы төлеуге міндеттелген, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

Бұған Омаровпен жасалған қосымша келісім негіз болған. Құжатқа федерацияның бұрынғы бас хатшысы Давид Лория қол қойған. Сот даулы істі қарап, бұрынғы қызметкердің талабын ішінара қанағаттандырған.

Астана соттарында Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы бас аудиторы Камбар Омаров пен оның экс-жұмыс берушісі арасындағы дауға нүкте қойылды. Омаров соттан еңбек шарты бойынша өзіне тиесілі өтемақыны өндіріп беруді талап еткен.

Ол 2025 жылдың қаңтарынан бастап ҚФФ-да жұмыс істеген. Ай сайынғы жалақысы шамамен 2,5 миллион теңге болған. 2026 жылдың сәуірінде оған штат қысқаруына байланысты еңбек шартының бұзылатыны ескертіліп, мамыр айында жұмыстан босатылған. Омаров жұмыстан шығаруға қарсылық білдірмегенімен, келісімшартта көрсетілген өтемақыны талап еткен.

Бір жыл жұмыс істегеннен кейін Омаровпен жасалған қосымша келісім бойынша еңбек шартының мерзімі 2028 жылдың қаңтарына дейін ұзартылған. Сондай-ақ жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда қызметкерге жұмыс істемеген кезеңнің барлық жалақысы төленуі тиіс екені көрсетілген.

Осыған сүйенген бұрынғы аудитор өзіне қалған 20 айдың жалақысы, яғни шамамен 50 миллион теңге төленуі керек деп есептеген. Бұған қоса, сол кезең үшін тағы 20 миллион теңгеге жуық сыйақы талап еткен.

Алайда футбол федерациясы талап арызды мойындамады. ҚФФ өкілдерінің айтуынша, қосымша келісім федерацияда тіркелмеген және басшылықпен келісілмеген. Олардың сөзінше, құжат федерацияның өзінде жоқ, тек Қамбар Омаровтың қолында ғана болған. Сондай-ақ келісім enbek.kz ақпараттық жүйесінде тіркелмегені айтылды.

Дегенмен сотта маңызды куәгер ретінде ҚФФ-ның бұрынғы бас хатшысы Давид Лория жауап берген. Ол қосымша келісімнің заңды түрде жасалғанын растаған. Бір қызығы, құжатқа федерация атынан қол қойған да – Давид Лорияның өзі.

Осылайша, сот талап арызды ішінара қанағаттандырып, федерациядан Омаровқа жұмыс істемеген кезеңі үшін тиесілі жалақыны өндіріп беру туралы шешім шығарды. Ал сыйақы төлеу туралы талабын қанағаттандырмады. Соттың пікірінше, сыйақы – ынталандыру сипатындағы қосымша төлем. Сот шешімі бірнеше күн бұрын заңды күшіне енген. Бұған дейін футбол федерациясы Омаровпен жасалған қосымша келісімді жарамсыз деп тануды талап етіп, жеке талап арыз түсірген. Алайда сот бұл талапты да қанағаттандырмады.

Қазақстан футболы қиын кезеңді бастан өткеріп жатқанымен, федерация қызметкерлерінің жалақысы мен өтемақысы әлі де қомақты екені осы даудан байқалады.

Еске салайық, бұған дейін осы матчтағы жанкүйерлердің әрекеті Қазақстан мен Өзбекстанда қызу талқыланған еді. Әлеуметтік желіде "Ақтөбенің" кәмелетке толмаған бір топ жанкүйер қызы "NO SHYMSIDE, NO TEXAS FANS!" деген жазуы және Өзбекстан туына ұқсас бейнесі бар плакат ұстап тұрған видео тараған. Матчтан кейін кейбір жанкүйерлердің "Өзбектер!" деп айқайлағаны да хабарланған.

Осы оқиғаға байланысты полиция қыздардың кім екенін анықтап, ата-аналарының қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізген. Ал ата-аналары бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Кейін "Ақтөбе" футбол клубы айыппұл салынған алты қыздың шығынын өтейтінін мәлімдеді. Клуб өкілдері кемсітушіліктің кез келген түріне қарсы екенін, алайда қыздарды қолдаусыз қалдырмайтынын жеткізген.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.