"Қайсар" футбол клубы жеке меншікке ауысты

1 542

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: "Қайсар" ФК«Қайсар» футбол клубы 30 қазаннан бастап ресми түрде «TAU Group LTD» компаниясының басшысы Исламғали Қозбақовтың жеке басқаруына берілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы клубты дамытуға бағытталған нақты шаралар қабылданғанын атап өтті. Атап айтқанда, академия мен инфрақұрылымды жетілдіруге 12 млрд теңге көлемінде инвестиция салу жоспарланған. Бұл қадам биылғы Жолдауда Президенттің футбол клубтарын жекешелендіруді жеделдету тапсырмасымен байланысты.

Айта кетейік, «Қайсар» елімізде алғашқылардың бірі болып жаңа маусымды жергілікті ойыншылар құрамымен бастаған еді. Биыл клуб 22 ұпай жинап, Премьер-лига кестесінде 11 орынға тұрақтап, өзінің орнын сақтап қалды. Жеке басқаруға өту клубтың дамуына серпін беріп, ұлттық футбол аренасында жаңа белестерге жетуге мүмкіндік береді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.