Балауса Мұздыман кезекті жекпе-жегінің алдында жарақат алып қалды

2 535

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Sports.kzҚазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыман Алматыда жоспарланған  жекпе-жегінің өтпейтінін хабарлады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Спортшы Instagram-дағы парақшасында жанкүйерлеріне алдағы жекпе-жекке қатысты жайсыз жаңалығымен бөлісті. Ол дайындықтың жоғары деңгейде өткенін, алайда мойын жарақатына байланысты алдағы айқастың кейінге шегерілгенін айтты. 

Оның сөзінше, команда ұзақ уақыт бойы тыңғылықты жұмыс істеп, жекпе-жекке арнайы бағдарлама әзірлеген. Дегенмен жарақат салдарынан жоспар өзгерген.

Былғары қолғап шебері бірінші кезекте тезірек жарақатынан жазылуына басымдық беретінін айтып, қолдау көрсеткен барша жанкүйерге алғысын жеткізді. 

Айта кетейік, 27 желтоқсанда Балауса Мұздыманның Алматыда жұдырықтасатыны белгілі болған. Бірақ қарсыласының есімі ресми түрде жарияланбаған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.