Америкалық чемпион қазақтардың мықты болу себебін айтты

2 525

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©xsport.uaҚазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров АҚШ-тағы жаттығуы барысында жеңіл салмақта IBF Inter-Continental чемпионы Кишон Дэвиспен спарринг өткізді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаттығудан кейін америкалық боксшының айтқан пікірі желіде қызу талқыланып жатыр. Тұраровтың айтуынша, спаррингтен кейін екі спортшы жақсы тіл табысып, еркін әңгімелескен. Сол сәтте Дэвис қазақстандық боксшылардың мықтылығы туралы өз болжамын айтқан.

«Спаррингтен соң достасып кеттік. Ол маған «Қазақтар жылқының етін жейді, сондықтан да мықты» деп айтты», - деп жазды Жанқош әлеуметтік желіде.

Қазіргі уақытта Жанқош Тұраров АҚШ-та жаттығуын жалғастырып, келесі айқасына дайындалып жатыр. Әзірге оның келесі қарсыласы мен жекпе-жек өтетін күн ресми түрде жарияланған жоқ.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.