Дастан Сәтпаев "Қайрат" сапындағы соңғы ойынында дубль жасады

2 512

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: "Қайрат" ФКАлматылық “Қайрат” Қазақстан Премьер-лигасының матчында петропавлдық “Қызылжарды” 3:0 есебімен сенімді түрде жеңген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, алаң иелерінің жеңісімен аяқталған.

Жеңімпаз команда сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев дубль авторы атанған. Ол қарсылас қақпасын 59 және 87-минуттарда дәл көздеген. 17 жастағы футболшы үшін бұл “Қайрат” сапындағы соңғы матч болған. Енді Сәтпаев келісімшарт жасасқан ағылшынның “Челси” клубына аттанады.

Алматылық клубтың тағы бір голын қазақстандық шабуылшы Исмаил Бекболат соққан. Ол 85-минутта мергендігімен көзге түскен.

Бұл жеңістен кейін “Қайрат” 30 ұпай жинап, турнир кестесіндегі екінші орнын сақтап қалған. Ал “Қызылжар” 15 ұпаймен Қазақстан премьер-лигасының турнирлік кестесінде оныншы орында тұр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.