15 жастағы қазақстандық қыз гір спортынан абсолютті әлем чемпионы атанды

2 507

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: СҚО әкімдігіСолтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольское ауылының тұрғыны Анастасия Беседина кәсіпқой әйелдер арасында гір спортынан әлемнің абсолютті чемпионы атанды. Жарыс Латвияның Рига қаласында өтті, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Геннадий Зенченко атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Ол әрқайсысының салмағы 24 келі болатын екі гірді серпе көтеру жаттығуын 78 рет орындап, жарыстың үздік нәтижесін көрсетті.

Анастасия спорт шебері, әпкесі Валентина Бесединаны үлгі тұтып, екінші сыныпта гір спортымен айналыса бастаған. Бір жарым жылдық жаттығудан кейін өз жас тобындағы үздік спортшылардың қатарына қосылды. Ал 15 жасында кәсіпқой әйелдер арасында әлем чемпионы атанды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.