«Канело» Головкинді оңай жеңе ме?

246

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.


Фото: Prosports.kz.

Шаршы алаңда жеңіліс көрмеген  француз боксшысы Кристиан Мбилли (21-0, 19 КО) екінші орта санаттағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альвареспен (57-2-2, 39 КО) жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді. және Сауль Альварастің Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жегіне болжам жасады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

9 қыркүйекте Монреальда (Канада) Мбилли екінші орта санаттағы WBC Continental Americas және WBA International титулдары үшін америкалық Деандра Уэйрмен (15-3-2, 9 КО) кездеседі. Камерун тумасы осы кездесудегі жеңісі мексикалыққа қарсы жекпе-жек өткізуге мүмкіндік береді деп ойлайтынын айтты.


– Келесі жылы әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндігім болады деп үміттенемін. «Канело» Головкинді оңай жеңеді деп ойлаймын. Головкин тым кәрі. Мен оның соңғы жекпе-жегін көрдім, оның жылдамдығы жоқ, ал «Канело» қазір ең жақсы боксшы. Бұл Головкиннің соңғы жекпе-жегі болуы мүмкін. Барлық боксшы «Канеломен» кездескісі келеді.  Қазір менің де мақсатым осы. «Канело» осы жекпе-жектен кейін не істейтінін білмеймін. Ал біз осы кездесуді өткізгеннен кейін көреміз», – дейді Мбилли. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.