Шетелдікке тиген қазақ қызы бақытты ма?

2 858
Бүгінгі таңда ел арасында қызу талқыға түсіп жатқан мәселелердің бірі – қазақтың қаракөз қыздарының шетел азаматтарына тұрмысқа шығуы, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Бірі қолдап бақыт тілесе, енді бірі қарғап-сілеп жатқан жандар да жетерлік. Қоғамның ойын екі бағытқа бұрған бұрымды қыздарымыздың бұл қылығы қазақ жігіттерінің ашуына тиері хақ. Байқағанымыз – шетелге тұрмысқа шыққан қазақ қыздарын көбіне ер жігіттер қауымы даттап жазған.

Қазақ қызы үшін бұлжымас қағида бар, кім болса да, мұсылманға шыққаның абзал, тіпті парыз. Осы орайда шетелдік азаматпен шаңырақ көтеріп жүрген қаракөзді қыздарымыздың айтар сөзі бір ауыздан келісіп алғандай-ақ.

«Бәріне кінәлі - жігіттер. Біздің жігіттер, дөрекі. Оның иүстіне, қазақ жігіттері қыздарды сыйламайды! Ал өзге ұлттың азаматтары, олар әйелді сыйлай біледі. Жауапкершілігі мол»,- деп жауап беруде.



Не дейсіз енді? Осындай ұстанымдағы қаракөздеріміз өзге елдің ерлеріне өзеуреп, опық жеуде! Жат жердің азаматымен бақытты боламын деп, артынша баз кешкен бұрымдыларымыздың оқиғасы да әртүрлі. Бірі жиған-тергенінен айырылып қана қоймай қарызға белшесінен батса, енді бірі өзі дүниеге әкелген ұл-қыздарын елге қайтара алмай әлек. Бөгде мемлекетте бақытын тапқандар да жоқ емес. Алайда, өзге елдің азаматының етегінен ұстағанның бәрі бірдей шалқып жүрген жоқ. Бармақ тістеп, жапа шегіп жатқандары да баршылық.


Солардың бірі Мысыр азаматына тоқалдыққа барған Гүлназ бүгінде туған қызын жолдасы алып кеткендігін айтып, елшілерден көмек сұрап жүр.

Қызым Джамиляны әкесі менің рұқсатымсыз Мысыр еліне әкетіп қалды. Бүгінде қызымды көре алмай отырмын. Ел азаматтарынан қызымды қайтаруға ат салысуын сұраймын,- дейді «Көреміз» бағдарламасының кейіпкері болған Гүлназ.


Жуырда африкалық құдалардың келгенін айтып, шулаған жұртшылық бүгінде қара домалақтың нағашысы атанып отыр.


Расында әлеуметтік желіде ақша шашып, қазақы дәстүрде үзатылған Заиданың видеосы әлі есімізде.

 
"Үлде мен бүлдеге ораймын" деген сөзге сеніп, тағдыры талқан болған қыздары қаншама? Қайтпек керек? "Жаман еркектің басын төрге сүйрейтін" қыздарымызды қайтсек көбейтеміз?


«У ішсең, руыңмен іш» демекші, бақытты алыстан іздемей, «қолда бар алтынды қадірлеп», өзіміздің ел қорғар азаматтарымызды місе тұтқан жөн болар.