Мемлекеттік нөмір орнына балағат сөз жазылған көлік қамалды

234
Түркістанда мемлекеттік нөмір орнына балағат сөздер жазған жүргізуші жазаланды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Қалалық саябаққа жақын Ерубаев көшесінде мемлекеттік нөмірдің орнына балағат сөз жазған Hyundai көлігін байқаған полицейлер жүргізушінің жеке басын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жедел шаралар қабылдады. Тұрғынға қатысты Түркістан қаласының полицейлері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 1-бөлігі "Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырды, - деп хабарлады полицейлер.


Қазіргі таңда автокөлік айыптұраққа қойылды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.