Байқоңырдан Ресей улы Протон-М зымыранын ұшырды

3 388
Электро-Л гидрометеорологиялық спутнигі мен ДМ-03 жоғарғы сатысы бар «Протон-М» зымыраны Байқоңыр ғарыш айлағынан 5-ші ақпан күні Астана уақытымен сағат 15:12 шамасында ұшырылды,- деп хабарлайды “Opennews.kz” ақпарат агенттігі.




«Электро-Л» сериялы ғарыш аппараты ғалымдарға ауа райын болжауға, авиациялық ұшулар шарттарын талдауға, теңіз және мұхит суының жағдайын бақылауға, сондай-ақ қауіпті аймақтардағы төтенше жағдайларды жою шараларын жоспарлауға көмектеседі. Құрылғының салмағы 2,1 тонна, спутник орбитада кемінде 10 жыл жұмыс істейді. Ғарыш аппаратының орбиталық биіктігі 35 786 км құрайды.

Сондай-ақ Прогресс МС-22» жүк кемесімен басқарылатын «Союз МС-23» Халықаралық ғарыш станциясынан «Союз-2.1а» зымырандары ақпанның 9-ы күні Байқоңырдан ұшырылу жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек біздің ақпараттық агенттіктің Opennews.kz ютуб каналында
“Байқоңыр туралы ащы шындық” видеоматериалы жарияланған. Ракетадан бөлінетін радиоактивті гептил қалдықтартардың киелі қазақ даласына қанша  құласа да қыңқ демейтін қазақ билігі – тағы бір Ресейдің «протонын» 2026 жылға дейін ұшыруды жоспарлапты.