Сөйлеу қабілеті нашар балаларға тәрбиешілер пышақ сермеп қорлаған
1 215
Балқаштағы "Ертөстік" балабақшасында тәрбиешінің көмекшісі балаларды ұрып-соққан, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бүлдіршіндердің бірі қараша айынан бастап балабақшаның түзету тобына барады. Анасының айтуынша, алғашқы күндерден бастап бала бақшаға барғысы келмей, жылайтын. Ата-аналар кейінірек баланың құлағы тырналғанын байқапты. Сол кезде ол тәрбиешіні көрсеткен.
Бейнежазбаны көргеннен кейін ата-ана полицияға арызданды.
Зардап шеккен баланың анасы мекемедегі тәртіпсіздіктерге наразы. Оның айтуынша, тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан шығарылды.
Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі ата-аналардың шағымына түсініктеме берді. Балқаш полиция бөлімінде ата-анасының өтініші бойынша ҚР ҚК-нің 110-бабы "Азаптау" бойынша қылмыстық іс тіркелген.
Қарағанды облысы білім басқармасы да оқиғаға пікір білдіріп, тексеріс жүргізілетінін айтты.
Аталған факті бойынша Қарағанды облысының білім басқармасы "Ертөстік" балабақшасының қызметіне тексеру жүргізеді. Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапкершілікке тартылады.

Ұлымның сөйлеу қабілеті тежелген. Логопедтерге барып, жақсартуға тырысамыз. Оны түзету тобына бердім. Онда тек бес бала бар. Тәрбиешіден құлағы қалай тырналғанын сұрадым. Ол білмейтінін айтты. Содан кейін мен директорға барып, топта орнатылған қауіпсіздік бақылау камерасынан жазбаларды көрсетуді өтіндім. Қарасам, тәрбиеші ұлымның үстіне отырып алған. Камера жазбаларынан ондай жағдайлар жиі орын алатынын ұқтым, – деді ата-ана.
Бейнежазбаны көргеннен кейін ата-ана полицияға арызданды.
Бейнежазбаларды зерттеу барысында бала күтушісінің жүйелі түрде, күн сайын дерлік ұлымды және басқа балаларды қорлайтынына көз жеткіздім. Ол балаларды кеудесінен, жыныс мүшесінен қысып, аяғын әдейі таптап, пышақ сермейді. Тіпті үстеріне отырып алады, жастық пен көрпені тартып алып, ұрады.Лас қолдарымен ыдыстарын ұстап, балалардың мұрындарын үстел сүртетін шүберекпен сүрте салады. Бұл – масқара әрекеттердің бір бөлігі ғана. Тәрбиешілер мұның бәрін көріп, үндемей жүрді. Меніңше, тағы бір тәрбиеші балаларға қол көтереді. Өйткені ол баланы камерасы жоқ дәретханаға апарды, сол жерден бала жылап шықты, – дейді ана.
Зардап шеккен баланың анасы мекемедегі тәртіпсіздіктерге наразы. Оның айтуынша, тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан шығарылды.
Ол маған балаларды не үшін мазақ еткенін түсіндіре алмады. Видеода бүлдіршіндердің шулап, тәртіпсіздік жасамағанын көруге болады, бірақ себепсіз кішкентайларды қорлауда. Тіпті жүруге, отыруға, ойыншықтар алуға тыйым салынған. Мұғалімдер тіпті олармен сабақ өткізбеді, үнемі телефонда отырды. Дефектолог та сабақ өткізген жоқ. Оның үстіне, ол да балаларды итеріп жіберді. Мұның бәрі бейнежазбада сақталды. Балабақшадағы логопед мүлдем жұмыс істемейді. Тәрбиешіні заң бойынша қатаң жазалауды талап етемін. Мұндай адамдар балалармен жұмыс істемеуі керек, – деп қосты әйел.
Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі ата-аналардың шағымына түсініктеме берді. Балқаш полиция бөлімінде ата-анасының өтініші бойынша ҚР ҚК-нің 110-бабы "Азаптау" бойынша қылмыстық іс тіркелген.
Бастапқыда қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 140-бабы "кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау" бойынша тіркелді. Осы қылмыстық істі тергеу барысында балабақшадан бейнежазбалар алынды. Бұдан әрі бап ҚР ҚК 110-бабы "Азаптау" бойынша қайта біліктілендірілді. Қазіргі уақытта іс бойынша барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады. Іс Балқаш қаласының полиция бөлімі басшылығының бақылауында, – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.