Қызылордада өрт сөндірушілер тілсіз жау орын алған жағдайдағы іс-қимылдарын пысықтады

181

Сыр елінің өрт сөндіру мамандары кенеттен орын алған өрт оқиғаларына арнайы іс-қимылдарын пысықтап, оқу-жаттығу өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемесінің тоқсандық жоспарына сәйкес, ТЖД-нің өрт сөндіру қызметі қызметкерлері мен мекеме қызметкерлері бірлесіп 2023 жылдың 19-шы сәуір күні 10:00 де «Мекемеде кенеттен өрт шыққан жағдайда мекеме қызметкерлерінің алғашқы іс-қимылдары» тақырыбында кенеттен тыс өрт шыққан жағдайда жеке құрамның алғашқы іс-әрекеттерін пысықтау мақсатында мекеменің өндірістік аймағында орналасқан РМК Еңбек-Қызылорда ЖК «Тұрдалы» қолөнер цехының алдында арнайы оқу-жаттығу өткізілді.


Жаттығудың мақсаты мекемеде кенеттен тыс өрт болған жағдайда мекеме қызметкерлерінің алғашқы іс-әрекеттерін пысықтау, топ басшыларын тез арада шешім қабылдап, уақытылы тапсырма беріліп, тапсырманың орындалуын ұйымдастыру. Жеке құрамға практикалық түрде атқаратын іс-қимылды көрсету болып табылады.


Бірлескен оқу-жаттығу жұмысы барысында №6 өрт сөндіру бөлімінен 4 қызметкер 1 техникасымен өрт сөндіру тактикасы бойынша ҚАЖД №60 мекемесінің ерікті өрт сөндірушілерімен жаттығу өткізді. Аталған жаттығу бойынша 1 адам құтқарылып, 2 адамға эвакуация жасалынып, өрт толығымен сөндірілді,- деді Қызылорда қалалық №6 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азамат қорғау майоры Нургалиев Самат. 


Жаттығуға мекеме бастығы тарапынан оң баға беріліп, оқу-жаттығу барысын тоқсан сайын қайталап отыру тапсырылды. 



Адина Ұзақбай

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесі