Әлеуметтік еңбек саласына 5 трлн 456 млрд теңге бөлінбек

1 524

Фото: ашық дерек көзіБиыл әлеуметтік еңбек саласына республикалық бюджеттің шығыстары үшін шамамен 5 трлн 456 млрд теңге қарастырылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Көзделген шығыстардың 98,2%-ы немесе 5 трлн 355,5 млрд-ы 2,4 млн зейнеткерге зейнетақы және 2,2 млн-ға жуық адамға жәрдемақы төлеу үшін бағытталатын болады. Бұл – 2023 жылғы шығыстардан 16,3% артық шамамен 4,7 трлн теңге.

Бұрын хабарланғандай, бүгінде республикалық бюджет қаражаты есебінен базалық және ынтымақты зейнетақыны қоса алғанда, әлеуметтік төлемдердің 41 түрі төленеді.

2023 жылы 4,4 млн адамға жәрдемақылар мен зейнетақыларды төлеуге, оның ішінде 2,3 млн зейнеткер мен 2,1 млн мемлекеттік жәрдемақы алушыға 4 трлн 689,3 млрд теңге жұмсалды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.