Кәсіпкер балалар үйіне нанды 354 теңгеден сатқан

1 547

© Depositphotos.comАлматы облысының Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығында жоғары бағамен сатып алу фактілері анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазір орталықта 120-дан астам кәмелетке толмаған бала тәрбиеленіп жатыр.


Белгілі болғандай, жеткізуші нанды 140 теңгеден сатып алып, оны балалар үйіне 354 теңгеден (153% үстемақымен) өткізген.


Сондай–ақ, ол қарақұмық жармасын – 145% (281 тг/кг алып, 687 тг/кг сатқан), күнбағыс майы - 63% (600 тг/л алып,  977 тг/л сатқан), қант – 38% (350 тг/кг алып, 480 тг/кг сатқан) үстемеақымен жеткізген.


Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесінің мөлшері 15%-дан аспауға тиіс.


Қабылданған шаралардың нәтижесінде жеткізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал Орталықпен жасалған ӘМАТ-ты жеткізу шарты 1,3 млн теңгеге төмендету бағытында қайта қаралды.


Сондай-ақ, Агенттік қабылдаған шаралар нәтижесінде өңірдің бірқатар балабақшалары жеткізушілермен сатып алу бағасын 3,9 млн теңгеге төмендете отырып, қосымша келісімдер жасасты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.