Балабақшада 34 бүлдіршін уланып қалған

1 681

mgpu.ruТүркістан облысында балабақшада балалар жаппай тамақтан уаланып қалды. Болған жағдайға байланысты Келес аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


24 маусым күні таңғы астан кейін сағат 11:00 шамасында балалар өздерін жайсыз сезінген. Сөйтіп балабақша қызметкерлері дәрігер мен мейірбикені шақырып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Тамақтан уланған балалардың саны 34-кет жетті. Қазіргі уақытта бүлдіршіндер дәрігерлердің бақылауында.


Оқыс жағдайды Түркістан облысы білім басқармасы өз бақылауына алды. Сондай-ақ Келес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізді.

Түркістан облысы білім басқармасы таңғы аста балаларға берілген ботқаның құрамы мен сүттің құрамы сараптамаға жіберілгенін мәлімдеді. Балалардың уланып қалуына байланысты Келес аудандық полиция бөлімі тарапынан қылмыстық іс қозғады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.