Екібастұзда сауда орталығының төбесі опырылып түсті

1 380

Фото: Видеодан скриншотЕкібастұзда «Maxi Mall» сауда үйінің ғимараты ішінде аспалы төбе құлап, 5 адам зардап шеккен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдай кеше, 16 ақпан күні болды. ТЖМ-ның телеграмдағы ресми арнасында Екібастұз қаласындағы сауда үйлерінің бірінің төбесі опырылғаны хабарланды. 

«М.Әуезов көшесіндегі сауда үйлерінің бірінде 150 шаршы метр алаңда аспалы төбе опырылды. Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеуде. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады ТЖМ.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы екі ересек, үш балаға медициналық көмек көрсетілгенін мәлімдеді. Оқиғадан кейін, сауда орталығында болған 5 адам Екібастұз қалалық ауруханасына өздері барған. Олардың ішінде 2008, 2009 жылдары туған үш бала бар. Зардап шеккендерді ауруханаға жатқызудың қажеті болмаған. 

«Дәрігерлер қарап, алған жарақаттарына амбулаториялық ем тағайындалды», - деп хабарлады Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Ал өңірлік төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін сауда үйі жабылғанын айтты. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.