Жасөспірімнің асқазанынан 1,5 келі шаш шықты

1 567

Фото: Видеодан скриншотАлматыда 14 жастағы қыздың асқазанынан дәрігерлер бір жарым келі шаш алып шықты. Ауыр жағдайдағы жасөспірім ішінің қатты ауыруына байланысты ауруханаға жеткізілген,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Әлсіздік сезінген мектеп оқушысына шұғыл ота жасалды.Қыздың асқазанының көп бөлігінде және аш ішегінде шаш жиналып қалған. Салдарынан ойық жара пайда болып, перитонит туындады.

Дәрігерлердің мәлеметінше, мұндай патология шашты ұзақ уақыт жұтқаннан кейін пайда болады. Әдетте, бұл психоэмоциялық бұзылысқа байланысты. Қазір жасөспірім үйде.