Жарнама мен тақтайшадағы латын әрпіне тыйым салу ұсынылды

1 505

Фото: Opennews.kz ЖИҚазақстанда ақпараттық тақтайшалар мен жарнамаларда латын әрпін қолдануға уақытша тыйым салынуы мүмкін. Ғылым және жоғары білім министрлігі әкімдіктер мен мемлекеттік органдарға жаңа жазудың емлесі бекітілмейінше, күте тұруды ұсынды. Шектеу жекеменшік мекемелерге де қатысты болмақ, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Елімізде латын қарпінің ортақ стандарты әлі де құрастырылып жатыр. Дегенмен елдегі мекемелер мен дүкендер аты мен жарнамасын ауыстырып үлгерген. Емлесі болмаған соң, әркім әртүрлі жазды. Мысалы, бірі У әрпін ағылшын нұсқада белгілесе, енді бірі төбесін түртіп жазады.Қазір қазақша ақпаратты латын әрпімен жазған дүкендер мен сауда желілерін, дәмхана мен дәріханаларды табу оңай. Алайда қай стандартқа жүгініп жазғаны белгісіз. Әйтеуір басым бөлігі ауысып алғаны байқалады. Кәсіпкерлер ғана емес, мемлекеттік органдардың арасында қасбеттегі жазуын латыншылап алғандары да бар. Бірақ ғылым министрлігі бұдан былай емле бекітілмейінше латын әрпін қолдануды тоқтатуды ұсынып отыр.

“Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға жетілдірілген әліпби бекітілгенге дейін меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдардың латын графикасындағы көрнекі және өзге де ақпаратын орналастыруды тоқтата тұру ұсынылды”, – деп мәлімдеді ғылым және жоғары білім министрлігі.

Қазақстанда латын қарпіне көшу идеясы 2017 жылдан басталды. Мекемелер мен дүкендер де сол кезде жазбаларын ауыстыруға көшті. Ешкім тоқтау болған жоқ.

Бүгінде қазақ тіліндегі латын қарпінің ортақ емлесін әзірлеумен лингвист ғалымдар айналысып жатыр. Ал кәсіпкерлердің айтуынша, жазудың бағасы алфавитке емес, өлшемі мен ұзақтығына қарайды. Соңғы уақытта дүкен немесе "магазин" деп емес, бір сөзбен "маркет" дегендей ағылшын тілінде ғана жаза бастағаны да байқалады.          

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.