RUB (+0.18) 8.21 KZT
USD (-1.87) 479.42 KZT
EUR (-6.40) 467.91 KZT
Қоғам
55

15 жастағы жасөспірім 2 жасар баланы құтқарып қалды

19 тамыз күні Қызылордада төрт метрлік құдыққа түсіп кеткен екі жасар баланы кездейсоқ өтіп бара жатқан жасөспірім құтқарып қалды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Баланың шұңқырға түсіп кеткенін көрген жасөспірім бірден құтқару үшін, құдыққа түскен.

Жасөспірім баланы аман-есен алып шыққан. Өзі де еш жарақат алмаған. Құдыққа құлап кеткен баланың ата-анасы медициналық көмекті қажет етпеген. 

Төтенше жағдайлар департаментінің бұл фактіні тірмегені белгілі болды. Осыған байланысты батыр баланың аты-жөнін анықтау мүмкін болмаған.


Алайда облыстық "Сыр бойы" басылымының тілшілері жасөспірімді тауып алды. 15 жастағы Арман Аманжолов Қызылордаға Арал ауданындағы Бөген ауылынан колледжге құжат тапсыру үшін келгенін айтқан.

Сол күні ол көшеде келе жатып, кішкентай баланың анасының алдында жүгіріп жүргенін көреді. Бір уақытта анасы айқайлап, көмек шақырады.


"Мен кішкентай баланың құдыққа құлап кеткенін көрдім. Көп ойланбай, соңынан секірдім. Менде тек бір ғана ой: баланы құтқарып қалу болды", - дейді Аманжолов.

Осы уақытта көмекке ер адам келіп, кішкентай баланы, одан кейін Арманның өзін құдықтан шығарып алады.

Арман Аманжолов көп балалы отбасының кенжесі. Ол Қызылордаға М.Ихсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжіне инженер-электрик мамандығы бойынша оқуға түсу үшін келген. Қазір Арман комиссияның қорытындысын күтіп отыр.