Белгісіз біреулер 2-сынып оқушысын ұрлап әкетпек болған

1 593

Фото: instagram.com/sinegor.kzКөкшетауда белгісіз біреулер 2-сынып оқушысын ұрлап кетпек болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Баланың ата-анасы мен еріктілер оқиға куәгерлерін іздейді. Оқиғаның мән-жайы туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған. 


“Боровская ықшамауданы, 53-үйдің ауласынан бала ұрламақ болды. Оқиға шамамен сағат 19:00-20:00 аралығында 54-үйдің жанында болды. Белгісіз біреулер екінші сынып оқушысын көлікке сүйреп апармақ болған. Бала дер кезінде қашып үлгерген. Қазір полиция балаға көмектескен ер адамды іздестіріп жатыр. Егер оқиға көрген өзге де куәгерлер болса, +7 771 123 0068 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз”, – делінген жазбада. 


Полиция департаменті оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.


“Көкшетау тұрғынының кәмелетке толмаған ұлын ұрлау әрекеті туралы арызы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайлар анықталуда. Тергеу ПД басшылығының жеке бақылауында”, – делінген полиция хабарламасында. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.