Оралда 20 жастағы сержант полиция ғимаратында өз-өзін атып өлтірді

299

Оралда полиция қызметкері полиция ғимаратында атылып өлді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат шамамен 07.40-та Орал қаласы полиция басқармасының ғимаратында болды.

Жасы небәрі 20-да болған полиция кіші сержанты қызметтік міндетін атқарып жүріп өзін-өзі атып өлтірді.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті жас жігіт әскери борышын өтеп, 2021 жылдың мамыр айында полицияға жұмысқа орналасқанын хабарлады. 2019 жылдың маусымынан 2020 жылдың осы айына дейін әскери борышын өтеген.

Қызмет атқарған кезінде өзін жақсы қырынан көрсеткен. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін қызметтік тексеру басталды.

"Қызмет атқарған уақытында ол өзін жақсы қызметкер екенін көрсетті, физикалық тұрғыдан шыңдалды. Режимді сақтады, жұмысқа кешікпеді. Қызмет атқарған уақыт ішінде оған жаза қолданылмаған", - деді полициядағылар.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.