Илон Маск адамзатты аштықтан құтқару үшін Tesla акцияларын сатпақшы

309
Миллиардер Илон Маск бүкіл әлемдегі адамдарды аштықтан құтқару үшін Tesla акцияларының екі пайызын сатуға дайын- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.  

Бұл туралы ол Twitter-де мәлімдеді.

Бұған дейін Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Дэвид Бизли Илон Маскты өз байлығының екі пайызын қайырымдылыққа берсе, адамзатты аштықтан құтқара алатынын айтқан еді .

Екі пайыз дегеніміз – алты миллиард доллар, ал қазіргі уақытта Илон Масктың байлығы 289 миллиардқа бағаланып отыр.Осы аптада ол Forbes журналының ең бай адамдары тізімінде көш бастаған еді.


"Егер Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы осы твиттер тізбегінде 6 миллиард доллар әлемдік аштық мәселесін қалай шеше алатынын түсіндіре алса, мен Tesla акцияларын қазір сатып, бұл мәселені шешуге дайынмын. Бірақ қаржылық есеп беру халық ақшаның қайда жұмсалғанын көре алатындай ашық болуы керек", – деп жазды ол.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.