Торғайда мектеп директоры ішіп алып көлік жүргізіп, оқушыны қағып кетті

478

Жол апаты 20 желтоқсанда сағат 18:40 шамасында болды. Жангелдин ауданының орталығында ішіп алкогольдік ішімдіка алып көлік айдаған жүргізуші 14 жастағы оқушыны қағып кеткен,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


"Volkswagen Polo" автокөлігінің жүргізушісі Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің директоры Ботабай Шаимов екені белгілі болды.

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі көлік тізгіндеген директордың аздап мас болғанын растады.
Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Соның нәтижесіне қарай процестік шешім қабылданатын болады
,— деді ПД баспасөз қызметінің хатшысы Ирина Беженарь.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккен қыз аудандық ауруханаға жеткізілген.

Оң жақ жамбасы көгерген. Ептеп қорқып қалған. Толық тексеріліп, үйіне жіберілді. Басқа жарақат пен зақым жоқ,— деді денсаулық сақтау басқармасының мамандары.

Ал Қостанай облысының білім басқармасындағылар егер құқық қорғау органдары талап етсе, мектеп директорның қызметінен шеттетілетінін айтты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.