Үндістанда күйеу жігіті тойға кешігіп келген қалыңдық өзге адамға тұрмысқа шығып кетті
212
Үндістандағы ауылдардың бірінде үйлену тойына төрт сағат кешіккен күйеу жігіт қалыңдығынан "айырылып" қалды. Болашақ күйеу баласының қылығын ұнатпаған бойжеткеннің әкесі қызын басқа адамға тұрмысқа берген, деп хабарлайды Bigpicture.ru.
Басылымның жазуынша, ерекше үйлену тойы 22 сәуірде Махараштра штатының Булдхана ауданындағы Малкапур Пангра ауылында болған. Ғибадатханадағы некелесу рәсімі сағат 16:00-ге жоспарланған екен. Оған қалыңдықтың туған-туыстары мен бірнеше қонақ жиналған.
Алайда салтанатты шараның басты кейіпкері - күйеу жігіт белгіленген уақытта келмеген.
Ер адам тойға сағат 20:00-ге қарай масаң күйде келген көрінеді. Одан қала берді өз әрекеті үшін кешірім сұраудың орнына достарымен бірге төбелес шығарса керек. Осыдан кейін қалыңдықтың әкесі қызын оған тұрмысқа беруден бас тартқан.
Дегенмен қонақтар жиналып, некелесуге дайындық жасалған соң рәсімді тоқтатпауға шешім қабылдапты.
Қалыңдықтың әкесі жиналған туыстарының арасынан жаңа күйеу жігіт таңдап алған. Осылайша, ақыры үйлену тойы өтіп, келген қонақтар разы болып тарқасқан.