"ЛГБТ пропагандасына" тыйым салу туралы заң жобасы тағайындалды

224
Ресейде "ЛГБТ пропагандасына" толық тыйым салу туралы заң жобалары енгізілді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік думадағы 450 депутаттың 390-ы бұл заңды бірлесе отырып жазды. Онда дәстүрлі емес қарым-қатынастарды көрсететін ақпараттарды таратуға тыйым салынған.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша кәмелетке толмағандарға ғана емес, барлық ресейліктерге ЛГБТ өкілдерін насихаттауға болмайды. Мұндай жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Азаматтар үшін 400 000 рубльге дейін, шенеуніктер үшін 800 000 рубльге дейін және заңды тұлғалар үшін 5 миллион рубльге дейін айыппұл салынады. Заңды тұлғалардың қызметі 90 тәулікке тоқтатылуы мүмкін.
Педофилияны насихаттағаны үшін 800 000, 2 миллион және 10 миллион рубльге дейін айыппұл салынуы мүмкін.
Мұндай заңдарға өзгеріс енгізу идеясын бастаған – мемлекеттік думаның ақпараттық саясат, ақпараттық технологиялар және байланыс комитетінің басшысы Александр Хинштейн.
Заң жобалары бойынша ЛГБТ-ны атауға тыйым салмайды, тек оларды әспеттеп, жақсы етіп көрсетуге болмайды.

“Владимир Набоковтың "Лолита" туындысы педофилияны насихаттау ретінде саналмайды, өйткені оқырмандардың ешқайсысы Гумберттің немесе Лолитаның қайғылы тағдырын қайталағысы келмейді", - деді Хинштейн.

"ЛГБТ насихаттауға" тыйым салу туралы заң Ресейде 2013 жылдан бері қолданылып келеді. Владимир Путин дәстүрлі емес жыныстық бағыттағы адамдарға қарсы емес, тек кәмелетке толмағандар арасындағы үгіт-насихатқа қарсы екенін айтқан.