Қазақ дәстүрін дәріптеген орыс келін

384
Сыр өңіріне 35 жылдан бері келін болған өзге ұлт өкілі қазақ аналарының ақ жолын ардақтап келеді.
Екі баласымен ерте жесір қалған ол қара шаңырақты шайқалтпай, түтінін түзу түтетіп отбасы дәстүрлерін берік ұстап қалған. Ұлттық құндылықтарды ұлықтап жүрген Марина Тебенькованың шаңырағындағы тұсау кесу рәсімі болып өтті.
Марина Тебенькова қазақ дәстүріне сай жетінші немересінің тұсауын кесті. Үлкендердің батасын алып, өздері өнеге тұтқан жанға ұқсасын деген ниетпен рәсімін жасады. Қаз басқан балақайды ұлттық нақышта киіндіріп, тағылымды тәрбиенің үлгісін дәріптей түсті. Осыдан 35 жыл бұрын Сыр еліне келін болып түскеннен бері қазақ аналарының парасаттылық болмысын терең ұғына бастадым дейді ол.
«Өзімнің анам ерте қайтыс болған соң туған анам сияқты көріп кеттім. Басқа ұлт болғанмен, «сен орыссың» деген сөз айтылмады. Келін болып түскеннен қазақ сияқты тәрбиеледі. Енем не істесе, қасында жүріп соны үйрендім. Қазақшаны кішкентай қайын інім үйретті», – дейді Жалағаш ауданының тұрғыны Марина Тебенькова.