Футболшы алаңда ажал құшты
1 500
Ақмола облысының Атбасар қаласында өткен өңірлік жарыс кезінде Астанадан барған 58 жастағы футболшы қайтыс болды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облысының полиция департаменті 1968 жылы туған ер адамның өлімі Атбасарда тіркелгенін растаған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның өліміне жүрек ауруы себеп болған. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша нақты шешім қабылданады», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Футболшы командалық ойын кезінде өзін жайсыз сезінген. Дәрігерлер оған шұғыл көмек көрсеткенімен, ер адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Жарысты Атбасар қаласының әкімдігі ұйымдастырған.
Қаз
Рус






