17 жастағы регби ойыншысы матч кезінде көз жұмды

2 500

Фото: x.com/@cgtvoffФранцияның оңтүстік-батысындағы Марманд қаласында регби ойынынан кейін 17 жастағы Клеа Менье қайтыс болды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

Жас спортшының жүрегі тоқтап, ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Клеа Менье Union du Bassin Marmandais (USB) клубының жастар құрамында өнер көрсеткен. 17 қазанда оның командасы Agen Agglo Rugby клубының құрдастарымен кездескен. Ойын барысында спортшы басынан қатты соққы алған.

Осыдан кейін регбишінің жүрегі тоқтап, оған оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген. Кейін ол ауруханаға жеткізілгенімен, сол жерде көз жұмды. Жас спортшының қайтыс болғанын клуб 21 қазанда ресми түрде хабарлады.

Францияның регби федерациясы марқұмның жақындары мен командасына көңіл айтып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға уәде берді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.