Қазақстанның халық әртісі, композитор Бақир Баяхунов қайтыс болды

2 506

Фото: Ulysmedia.kz.Қазақстанда композитор, Қазақстанның халық әртісі, профессор Бақир Яхияұлы Баяхунов өмірден өтті. Марқұмның отбасына Мәдениет және ақпарат министрлігі көңіл айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бақирр Баяхунов өмірін музыка өнеріне арнады. Ол қазақтың музыкалық мұрасы мен Шығыс халықтарының әуендерін еуропалық академиялық дәстүрмен ұштастырды. Министрліктің бағалауынша, композитордың шығармалары елдің рухани мұрасын байыта түсті.

Баяхунов Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында 40 жылдан астам уақыт сабақ беріп, кәсіби музыканттардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.