Сыныптасы күдікті болып тұр: мектеп оқушысы қаза тапқан

1 507

Фото: depositphotos.comЖетісу облысында оқушы қаза тапты. Марқұмның қазасына күдікті ретінде оның сыныптасы ұсталды, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпараттық агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, сабақтан кейін сыныптастар арасында жанжал туындаған. Соның салдарынан жасөспірімдердің бірі дене жарақатын алып, кейін көз жұмған.

"Күдікті ұсталды. Ол заңды өкілдерімен бірге полицияға жеткізілді", – деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.

Сонымен қатар білім беру ұйымының қызметкерлеріне қатысты балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау дерегі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тергеу барысы Жетісу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.