"Ұлытау" тобы- Ыстамбұл төрінде

291
«Ұлытау» тобы Ыстамбұлда концерт берді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Хабар.24" арнасына сілтемежасап.

Мегаполистің әйгілі концерт залында өткен шара Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орайластырылған. Кеште қазақ шығармаларымен қоса әлем классиктерінің композициялары орындалды. Әсіресе, «Түрік маршы», «Аһ, Ыстамбұл» туындылары жиылған жұрттың көңілінен шықты. Анадолы жеріндегі тыңдарман Ұлытау тобының шығармашылығымен етене таныс. Өйткені төл аспаптарымыз бен заманауи музыканы алғаш болып ұштастырған да осы Ұлытау.

Қыдырәлі Болман, Ұлытау тобының продюсері:

– Түркия мемлекеті мен Қазақстан мемлекеті арасындағы бірлігіне септігін тигізетін шарад деп ғам. Ол және түріктердің, Түрік мемлекетінің біздің есімі де ең алғаш біз егемендік алғанда тәуелсіздікке қол жеткізгенде бізді алғашқы болып қолдаған да жанашырлығын білдірген де Түркия болатын. Мінекей, тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мәңгі болсын. Соны естеріне алып, мақсат етіп өздері ұйымдастырып халыққа концерт біп отырған ол үлкен құрмет деп ойлаймын.

Айше Уйсал, көрермен:

– Ұлытау тобының шығармаларын жақсы көремін. Сондықтан Ұлытаудың концерт беретінін естіп, басқа қаладан келдік. Концерттегі атмосфераны айтып жеткізе алмаймын. Таңғажайып. Тағы да келсін. Жиі концерт берсін.


Соңғы он күнде Түркі әлемінің шырағы Ыстамбұлда жанды. Түркі мемлекеттері ұйымының сегізінші саммиті өтіп, оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы барды. Алқалы жиында маңызды шешімдер қабылданып, «Түркі әлемінің келешегі 2040» құжаты қабылданды.

Сондай-ақ алғаш рет Халықаралық Қорқыт Ата фильмі фестивалі өтіп, тамырлас жұрттың белгілі киномотографтары мегаполисте бас қосты. Бұл да алып шаһардың алыстағы ағайынға деген сүйіспеншілігінің белгісі болса керек.