2033 жылға қарай жылына 40 млн тоннаға дейін мұнай өңделеді
Қазақстанның мұнай өңдеу қуаты 2033 жылға қарай жылына 40 млн тоннаға дейін өседі,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Жалпы энергетикалық секторды нығайту үшін мұнай өңдеу қуатын ағымдағы 18,4 тоннадан жылына 40 млн тоннаға дейін ұлғайту бойынша кешенді жоспар жүзеге асырылып жатыр.
Атап айтқанда, ол жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарын жоспарлы түрде кеңейту 2030 жылға қарай дизель отынының тапшылығын жоюға мүмкіндік береді. Ал 2033 жылы төртінші зауытты іске қосу авиакеросинге деген қажеттілікті толық өтейді және К5 стандартындағы жоғары сапалы мұнай өнімдері экспортқа шығарылады.
Сонымен қатар Қашаған кен орнында газ өңдеу қуаттарын арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2026 жылдың соңында ГӨЗ-1-дің іске қосылуы жылына 2,5 млрд текше метр тауарлық газ өндіруді қамтамасыз етеді.







