Қазақстан-Қырғызстан арасындағы тауар айналымы ұлғаяды
400
Бұл бағытта елімізге ресми сапармен келген Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президенті әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровпен біркелкі келіссөз жүргізілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Қазақстан Қырғызстан экономикасының ірі инвесторларының қатарында. 2005 жылдан бастап Қазақстаннан Қырғызстанға тікелей инвестициялардың жинақталған көлемі 1 млрд доллардан асты. Биыл елдегі қырғыз кәсіпорындарының саны 1273-тен 1983 компанияға дейін немесе 55 процентке артты.
Бақыт Сұлтанов, ҚР сауда және интеграция министрі:
– Қырғыз Республикасы аумағында көтерме бөлшек сауда орталықтарын құру тауарлардың Қазақстанға уақытылы жеткізілуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ біздің ел арқылы Солтүстікке немесе Еупропаға қарай жеміс-жидек тасымалдауға жол ашады. Бұдан бөлек Қазақстаннан Қырғыз Республикасына тауар жіберуге жақсы мүмкіндік. Осылайша қос ел арасындағы тауар айналымын ұлғайтамыз.
Данияр Амангелдиев, Қырғызстанның экономика және коммерция министрі:
– Менің ойымша, бұл мемлекеттердің басшылары айтқан тауар айналымын арттыруға серпін береді. Қырғызстаннан Қазақстан аумағына және әрі қарай өзге елдерге ауыл шаруашылығы өнімдерінің орталықтандырылған жеткізілімін қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл жоба азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінде де маңызды.