Су саласына грант иегерлері 71%-ға көбейді

2 267

Фото: stock.adobe.com2025-2026 оқу жылында су саласы мамандықтарына, соның ішінде гидрогеология мен гидрология бойынша мемлекеттік грант иеленген студенттердің саны 894-ке жетті. Оның ішінде 818-і бакалавриат, 44-і магистратура, 32 адам докторантураға түскен. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Салыстырмалы түрде алсақ, былтырғы оқу жылында осы мамандықтар бойынша грантқа 523 студент қабылданса, 2023-2024 жылдары небәрі 291 студент оқуға түскен еді. Биыл су саласына ақылы негізде оқуға түскен студенттер саны – 183 . Оның ішінде 128-і бакалавриатқа, 52-сі магистратураға, 3 студент докторантураға қабылданған. 2025 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша жоғары оқу орындарында су саласы бағытында білім алып жатқан студенттердің жалпы саны – 2 101 адам. Ал жұмысшы кадрларды даярлаумен 8 колледж айналысып жатыр. Бүгінде бұл білім ұйымдарында 630 студент оқиды.

– 2023 жылмен салыстырғанда су саласы мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарының саны 9-дан 13-ке дейін артты. Олардың әрқайсысымен Су ресурстары және ирригация министрлігі ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасты. Меморандумдарға сәйкес, студенттер министрлікке қарасты су шаруашылығы кәсіпорындарында тәжірибеден өте алады. Осы шаралардың арқасында биыл министрлікке қарасты кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өткен студенттердің саны 5 есеге артты, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.