Қазақстанда 2024 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген оқушы орны рекордтық көрсеткішке жетті

2 681

Фото: Оқу-ағарту министрлігіЕлімізде 373 мың оқушы орнына арналған 257 мектептің құрылысы аяқталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл үш ауысымды 42 мектептің және 148 елді мекенде орналасқан 20 апатты мектеп пен орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Үш ауысымды оқыту және апатты мектептер мәселесін шешу бойынша бюджет қаражаты есебінен және инвестиция тарта отырып жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 

Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында оқу жылының басынан 254 мың оқушы орнына арналған 105 мектеп пайдалануға берілді, оның ішінде 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры бойынша 27 мың оқушы орнына арналған 25 мектеп қолданысқа берілді. Қосымша тағы бес мектеп пен 3,3 мың орындық интернат құрылысы жүруде. Білім беру нысандары құрылысының басым бөлігі Жетісу, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында және Алматы қаласында салынуда. Бұл жобаларды іске асыру мектептер мен интернаттардағы оқушы орындарының тапшылығын қысқартуға, сондай-ақ бір мектепте апатты ғимарат мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Барлығы жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен жалпы саны 100 мың оқушы орындық 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды.

Сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджет қаражаты мен жеке инвестициялар тарту есебінен 92 мың оқушы орнына арналған 127 мектеп құрылысы жүргізілді.

Жаңа нысандарды іске қосумен қатар қолданыстағы инфрақұрылымды жақсарту бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілді:

• 254 орта оқу орны күрделі жөндеуден өтті;

• 967 мектепке арналған 1621 заманауи пәндік кабинет сатып алынды;

• заманауи стандарттарға сәйкес 1 мың ауыл мектебі жаңғыртылды;

• 10 мыңнан астам білім беру ұйымының қауіпсіздік жүйелерімен техникалық жарақтандырылуы жақсартылды.

Айта кетейік, мемлекет жыл сайын мектептерді салуға және жаңғыртуға қаражат бөліп келеді. Жаңа нысандар құрылысы үш ауысымды 42 мектептің, 148 елді мекенде орналасқан 20 апатты мектеп пен оқушы орынының тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді.

 

 

 

 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.