Мектепте жаңа пәндер оқытылады

2 507

Фото: Opennews.kz ЖИЕліміздің мектептерінде мұғалім жетіспейді.  Кадр тапшылығы 5 мың маманға жеткен. Бұл жайлы тамыз кеңесінде мемлекет басшысы да баса айтқан еді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа маусымға дайындық деңгейі қалай? Оқушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр? Биылдан бастап мектеп бағдарламасына қандай жаңа пәндер қосылды? 

Шернияз Жалғасбекұлы, тілші: - Биылдан бастап мектеп бағдарламасына жаңадан пәндер қосылды. Енді 5-7 сыныпта - Конституция негіздері, 8-11 сыныпта - заң мен тәртіп, 5-11 сынып оқушылары үшін Жеке қауіпсіздік курстары оқытылады. Осылайша білім беру ісі жаңғыртылып, жаңадан қабылданған конституцияны негізге алады.  

5–7 сыныптар - "Конституция негіздері" курсы 

8–11 сыныптар -  "Заң және тәртіп" курсы 

5–11 сыныптар - "Жеке қауіпсіздік" курсы   

Жанбота Есепбайқызы, Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы орта білім мазмұны институтының бөлім басшысы: - Осы үш курс вариативтік компаненттен міндетті курс ретінде оқытылады. Сонымен қатар 9-10 сыныптарда оқытылып келе жатқан құқықтық негіздері пәнінің мазмұны жаңартылды. Азаматтық, отбасы, әкімшілік, қылмыстық, құқықтық тақырыптар толықтай жаңартылған.  

Бұдан бөлек мектептерде жасанды интеллект дағдылары үйретіле бастайды. Ол үшін 1-4 сыныпта Цифрлық сауаттылық және ЖИ, 5-11 сыныптарда Информатика және ЖИ пәндері қосылды. Осы мақсатта білім мекемелеріндегі интернеттің сапасы мен шалғай аймақтарды ғаламтормен қамту жайы пысықталды.  

1-4 сыныптар - "Цифрлық сауаттылық және ЖИ" пәні 

5-11 сыныптар - "Информатика және ЖИ" пәні   

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы: - ЖИ енгізуге байланысты ауылдық жерлердегі мектептердің инфрақұрылымын дамытуға байланысты кешенді жұмыс жасалды. Оның ішінде бүгінгі таңда 7970 мектептің интернет желісі тексерілді. Оның ішінде 1600 мектепке старлинг бойынша интернет жеткізу бойынша шешімін тапқанын атап өткіміз келеді. Бұл ауылдық мектептерде.  

Білім күнінде 47 жаңа мектеп қолданысқа беріледі 

Шернияз Жалғасбекұлы, тілші: - Оқушы орнының тапшылығын болдырмау мақсатында биылғы маусымда 47 жаңа мектеп қолданысқа беріледі. Ал жыл соңына дейін тағы 64 оқу ордасының құрылысы аяқталады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.