Балалар арасында қандай үйірмеге сұраныс жоғары

2 495

Фото: Александр Павский / KazinformОрталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында тегін үйірмеге баратын балалардың көбіне қандай бағытты таңдайтыны атылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


"Спорт үйірмелеріне келсек, бірінші, әрине, футбол. Ұл баланың бәрі қызығатыны түсінікті. Екінші орынға шығыс жекпе-жектерін қояр едім. Ал ұл мен қызға бөлсек, қыздар арасында көркем гимнастикаға баратындар көп. Мемлекеттік спорт тапсырысы шахматшылар арасында үлкен қызығушылық туғызғанын айта кету керек. Шахматқа деген қызығушылық толқыны басталғанын көріп отырсыздар. Бұл, бірінші кезекте, тиісті федерацияның жұмысы деуге болатын шығар. Дегенмен, пилоттық жобаға шахмат үйірмелерінің кіруі қызығушылардың санын арттырды. Елдің бүкіл өңірлерінде шахматпен айналысатын балалардың саны артып отыр.", — деді Серік Жарасбаев журналис сұрағына берген жауабында.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.