Ғылым және білім саласындағы жүйелі проблемалар мен әлсіз тұстары
Мемлекет басшысының білім және ғылым саласында ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аталған саланың, соның ішінде оның қаржыландыру аспектілерінің сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Талдау ғылыми жобаларды таңдау және іске асыру барысында жүйелік олқылықтарды анықтаған.
Сондай-ақ онда 2025 жылдың шілде-желтоқсан аралығында Агенттік профильді министрліктермен бірлесіп олардың іске асырылуына жан-жақты шаралар қабылдағаны айтылған.
Сарапшы қызметінің құнын есептеу бойынша жаңа әдістеме бекітілген. Еңбекақыдағы теңсіздік жойылды, бұған дейін шетелдік мамандарға шамамен 400 мың теңге төленсе, отандық сарапшылар орта есеппен 8 500 теңге алған. Еңбекақы төлеуге бірыңғай тәсіл енгізілген, ол тең жағдайларды қамтамасыз етеді және Ұлттық сараптамалық әлеуетті нығайтады.
Ғылыми әдеп талаптарын бұзған немесе жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етпеген адал емес сарапшылар мен жобалар басшыларының реестрі құрылған. Реестрге енгізу қатысушылардың нақты жетістіктері расталғанға дейін конкурстарға қатысу мүмкіндігін уақытша шектеуді білдіреді, бұл персоналды жауапкершілікті арттырып, бюджетті ресми игеруді болдырмайды.
Ғылыми жобалардың іске асырылуы мен қаражаттың жұмсалуы туралы ақпарат ресми ресурстарда ашық қолжетімділікте орналастырылады.
Талдау қорытындысы бойынша оқушыларды жалған есепке алу тәуекелдері 2 966 мектепте анықталды. Қазіргі таңда 2 962 мектепке (99,9%) цифрлық бақылау жүйелері енгізілген, бұл нақты оқушылар жоқ мектептерге қаржыландыру мүмкіндігін жояды.
Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығында жарияланымдар мен гранттық жобалардың нәтижелерін автоматтандырылған есепке алу үшін цифрлық шешімдер енгізілді. Қатысушылардың деректері шифрланып, мүдделер қақтығысының алдын алу қамтамасыз етілді.
Сарапшыларды кездейсоқ таңдау әдісі мен жасанды интеллект элементтерін қолданатын автоматты іріктеу механизмі енгізілді.
Тағы да оқыңыздар







