Ерлан Қарин Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
566
Ерлан Қарин Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.Республикалық комиссияның шешімімен 178 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы берілді. Олар әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына және өндірістік орталықтарында магистратура, докторантура және резидентура бойынша білім алады, сондай-ақ тағылымдамадан өтеді.
Отырыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау бойынша тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгінде стипендиаттардың басым көпшілігі шетелдерде инженерлік-техникалық бағытта білім алып, біліктілігін жетілдіреді.
Жиын соңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин «Болашақ» халықаралық стипендиясына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.







